Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Әбіш Кекілбаев – ұлы тұлға» атты тарихи сағат өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы Айнаш Райқұлқызы жазушының өмірбаяны мен әдеби шығармашылығы туралы қысқаша шолу жасап, «Көрнекті жазушы – Әбіш аға» атты арнайы кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге «Әбіш Кекілбаев» энциклопедиясы, екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы, «Всполохи», «Мартовский снег» сияқты туындылары, сондай-ақ зағип оқырмандарға арналған кассета мен аудиодискілердегі жазушының басқа-да шығармалары қойылды.
Шараға «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері белсене қатысып, жазушының өмір жолы мен туындылары туралы тың мағлұмат алды.Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
|